Үздік тәжірибе орталықтарына бару

Үздік тәжірибе орталықтарына бару

2022 жылдың 13-14 қазанында Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласында МСАК бойынша Алматы декларациясының 44 жылдығы мен Астана декларациясының 4 жылдығын атап өту аясында, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі инновациялар» атты Халықаралық Конгресс өтті. Халықаралық Конгресс ДДСҰ Еуропалық орталығының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы және «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Конгресстің мақсаты – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының көп бейінді командасы көрсететін медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтерді біріктіру негізінде МСАК ұйымдарының халыққа, отбасына және әрбір жеке пациентке медициналық көмек көрсетудегі жаңа тәсілдерді көрсету.

Конгрессте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясының денсаулық сақтау саласындағы үздік сарапшылары мен халықаралық серіктестер өз тәжірибелерін ұсынды. Конгресс қатысушылары ДДҰ Көрнекілік платформасы мысалында МСАК бойынша инновациялық озық технологиялар енгізілген Жамбыл облысындағы МСАК бойынша үздік тәжірибе орталықтарында болды.

Конгресс жұмысына «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич бастаған делегация қатысты.

Университет қызметкерлері секциялық отырыстарда баяндамалар жасады. Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті Балашкевич Н. А. «МСАК жүйесінде науқастарды жүргізудегі біртұтас көзқарас» тақырыбында «МСАК мультидисциплинарлы командасының тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде халықтың денсаулығын жақсартудың прогрессивті технологиялары» секциясының отырысында баяндама жасады. Мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Шарапиева А. М. «Үйдегі мейірбикелік көмекті дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі мейіргер ісіндегі инновациялар және заманауи парадигмалар» секциясы отырысында баяндама жасады. Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша Қаулы қабылданды.

«СМУ» КеАҚ әкімшілігіне және Конгресс ұйымдастырушыларына Үздік тәжірибе орталықтарын енгізудегі озық тәжірибелермен танысуға, пікірлес әріптестермен тақырыптық мәселелер бойынша пікір және тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Конгресс жұмысына қатысу нәтижелері бойынша мақсатты топтар арасында алған білімдерді тарату жоспарлануда; сонымен қатар, осы саладағы озық тәжірибені бейімдеу мүмкіндігі де қарастырылады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір