«Семей медицина университеті» КеАҚ жас оқытушылар мектебінің жұмысын бастады. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева жас оқытушылар мектебінің төрайымы, оқытушы Н.М. Абешова хатшы болып тағайындалды. Кафедралар профессорлық-оқытушылық құрам дәрістерінің тақырыбын, жас мамандар тізімін берді. 2022-2023 оқу жылына жоспар құрылып, бұйрықпен бекітілген.
Жоспарға сәйкес 2022 жылғы 13 қазан күні жас мамандарға ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева «Оқытудың интерактивті әдістері», қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары Маратова Данара Маратқызы, Серикова-Есенгельдина Динара Сериккызы, Хамитов Елдос Акказыевич «Работа в современных базах данных и научных статей» атты дәрістерін оқыды. Жас оқытушылар дәріс барысында көптеген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Жас оқытушылар мектебінің төрайымы М.Д. Жорокпаева,
хатшы Н.М. Абешова

