18-19 қазан Конгресс шеңберіндегі жұқпалы аурулар секциясының жұмысы

18-19 қазан Конгресс шеңберіндегі жұқпалы аурулар секциясының жұмысы

18 қазанда “Адам және денсаулық. Медицинадағы көпсалалы тәсіл” атты I Халықаралық MED-Конгресс аясында, “Жұқпалы аурулар: ХХІ ғасыр сабақтары” секциясы өтті.

Секция модераторлары м.ғ.д., профессор, МУА КеАҚ жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгеруші – Шолпан Адлгазықызы Құлжанова; Карбышева Нина Валентиновна – м.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясының Алтай мемлекеттік университет меңгерушісі; Маукаева Сауле Боранбаевна – м.ғ.к., СМУ КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті; Карасева Елена Александровна – м.ғ.к., Ресей Федерациясының Рязань ММУ Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының доценті. Рязань ММУ мен Алтай ММУ конгресстің ұйымдастырушыларының қатарында болды.

Секцияға жұқпалы аурулар тақырыбы бойынша 16 баяндама ұсынылды. Онлайн баяндамалар: Башкент университетінің (Түркия) жұқпалы аурулар және клиникалық микробиология кафедрасының профессоры Озлем Курт Азап, АГМУ жұқпалы аурулар кафедрасынан (3 баяндама), Рязань ММУ жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының (3 баяндама) қызметкерлері, АМУ КеАҚ Аллергология, иммунология, гематология және эндокринология курстары бар балалар аурулары кафедрасының профессоры Р. И. Розенсон ұсынды. Біздің секцияда қонақтар баяндама жасады: м.ғ.д., профессор аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы, Алматы Дмитровский А. М., ҚР ДСМ “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, PhD Имашпаев Дулат Мақамбетұлы, м.ғ.д., профессор, КеАҚ жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Ш. А. Құлжанова, сондай-ақ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының, жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы, практикалық денсаулық сақтау өкілдері – Семей қ. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Э. Исабаева

Баяндамалар жаңа коронавирустық инфекция, описторхоз, бауыр аурулары, биоқауіпсіздік, аллергия және КВИ пандемиясы кезіндегі иммунитет, антибиотикке төзімділік, бруцеллез, цитомегаловирустық инфекция, В вирустық гепатиті мәселелеріне арналды. Барлық деңгейдегі оқушылар секция жұмысына онлайн қатысты. Пікірталас нәтижелері конгресстің қорытынды резолюцияға енгізілді.

Секцияның барлық қатысушылары секция жұмысынан терең қанағат алды, одан әрі ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.

 

Секция модераторы С. Б. Маукаева

[/vc_column_text][vc_single_image image=”123240″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс