«СМУ» КеАҚ құрылғанына 70 жыл толу қарсаңына орай 2022 жылдың 18 қазанында, ҚР ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен жалпы медицина мамандығының студентерімен қалыпты физиология кафедрасының беделді, тәжірибелі оқытушысы, ал қазіргі таңда зейнетке шыққан Мырзаканова Жібек Турсалимовамен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер Ж. Т. Мырзаканованың биографиясымен, және осы кафедрада жұмыс атқарған еңбек жолымен таныстырды. Одан кейін біздің Медициналық университетіміздегі оқу жылдары мен өмір жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Студенттер мамандықты таңдау, еңбек жолындағы кездескен қиындықтары туралы өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Біздің білім ошағымыздың тарихының бастауы, оның негізгі даму кезеңдері, білім берудегі, реформалаудағы жетістіктері, ғылыми қызметі, тәрбие жұмыстары туралы шынайы әңгіме өрбіді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]




