2022 жылдың 21 қазан күні «Семей Медицина Университеті» КеАҚ жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында м.ғ.к., доцент м. а. Камашева Г. Т. басқаруымен 702 интерн-педиатрия тобы «Клинисцистер мектебі» аясында «Муковисцидоз. Жіктелуі. Патогенез. Клиникалық көрінісі. Неонатальды скрининг. Емі» тақырыбы бойынша 6-7 курстың жалпы тәжірибелік дәрігерлер тобына конференция өткізді.
Муковисцидоз (МВ) немесе кисталы фиброз – муковисцидоздың трансмембраналы өткізгіштігін реттейтін (CFTR) белоктың қызметі мен құрылысына және оның синтезіне жауап беретін CFTR генінің мутациясының нәтижесінде пайда болатын жайылмалы тұқым қуалайтын ауру. Интерндер аурудың патогенезі арқылы клиникалық көрінісін толық ашып түсіндірді. Муковисцидоздың неонатальды скринингі мен таргетті терапиясы бойынша сұрақтар аса мұқият талданды.
Тақырып бойынша клиникалық жағдай көрсетілді. Аталған тақырып бойынша барлық сұрақтар өте анық және түсінікті баяндалды. Әдемі көрсетілімді слайдтар мен видеофильмнің арқасында конференция өте қызықты өтті.[/vc_column_text]