Остеопатия бойынша мастер-класс өтті

Остеопатия бойынша мастер-класс өтті

2022 жылдың 18 қазанында “Тоқтамыс” балаларды оңалту орталығы базасында Д. М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А. Р. басшылығымен “Адам және денсаулық. Медицинадағы көпсалалы тәсіл” I Халықаралық MED-конгресіне жататын Остеопатия бойынша мастер-класс өткізілді.

Қатысушылар: кафедра қызметкерлері, докторанттар, практикалық денсаулық сақтау өкілдері, резидент реабилитологтар, резидент педиатрлар, ЖТД интерндері және педиатрлар.

Мастер-класс шеңберіндегі спикерлер: Астана қ. Остеопатиялық медицина орталығының “ОЅТЕО-LIFE” директоры, Остеопатия докторы, Остеопатиялық медицина институтының ассисенті Андриянова В. Л. Санкт-Петербург қаласынан, дәрігер-невропатолог – Манжугетова Разаул Мұхамеджанқызы.

Остеопатия докторы, Остеопатиялық медицина институтының ассистенті Андриянова В. Л. Санкт-Петербург қаласы, дәрігер-педиатр, оториноларинголог – Лакбаева Әсем Қайырбекова “Реабилитациядағы остеопатия және балаларды емдеу» тақырыбында дәріс өткізілді. Содан кейін алынған білім әртүрлі патологиялары бар науқастарды қабылдау кезінде және практика кезінде қолданылады : ЦП, Сколиоз, ПВДС. Сонымен қатар, Разаул Мұхамеджанқызы әр манипуляцияның мәнін түсіндіріп, интерндер мен резиденттердің сұрақтарына жауап берді.

Мастер-класс соңында біздің студенттерге спикерлер тарапынан алғыс сөздер айтылды. Өз кезегінде тыңдаушылар қонақтарға пайдалы ақпарат бергені үшін алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта әріптестермен тығыз ынтымақтастық жоспарлануда.

 

Резидент реабилитолог 2 жыл – Даутбекова Дамира, 1жыл – Ошақбаева Айсулу

Жарияланды: