18-16 қазан 2022 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ-нда «Адам және денсаулық. Медицинадағы мультидисциплинарлық көзқарас» I Халықаралық MED-Конгрессі болып өтті. Конгресс жұмысына медицина ұйымдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының, Түркия, Жапония, Ресей, Беларусь, Қырғызстанның және басқа да жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, жас ғалымдар қатысты.
Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасы «Педиатрия заманауи әлемдік тенденциялар аясында» секциясына белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі Тоқтабаева Б. Ж. және де бірқатар кафедра ассистенттері осы шараны ұйымдастырушылардың қатарында болды. Секция модераторлары: балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының доценті – Долинная В. Т., Тусупова Д. М. атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А. Р., балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И. М.
Конференцияда педиатрия, реабилитация, остеопатия, балалар жұқпалы ауруларының маңызды және өзекті мәселелері қозғалды, сонымен қатар конференцияға қатысушылардың тәжірибесінен қызықты клиникалық жағдайлар талқыланды. Талқыланған мәселелердің маңыздылығын айта отырып, олар Қазақстан Республикасындағы педиатриялық қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі, олар конференцияның резолюциясында көрініс тапты.[/vc_column_text][vc_single_image image=”123532″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]