«Семей Медицина Университеті» КеАҚ-ның 70-жылдық Мерей тойына арналған, профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы 10.10-14.10.2022 ж. аралығында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне «Ашық есік» күнін өткізді. Бұл іс-шараға М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей оқушылары келді. Кафедра оқытушысы Қорғанбаева Г. А. колледж студенттеріне және 11 сынып оқушыларына анатомиялық мұражайда экскурсия өткізді, қызықты сұрақтарға жауап берді. Өткізілген экскурсиядан кейін колледж студенттері мен мектеп оқушылары риза болып, көптеген әсер алды.[/vc_column_text]