Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының доцент міндетін атқарушы, куратор И. С. Мұсатаева 1305 Стом кураторлық тобының студенттеріне қала бойынша экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – басқа қалалардан келген студенттерді Қазақстанның көне қалаларының бірінің ұлы тарихымен және оның тарихи маңызы бар көрікті жерлерімен таныстыру.
Экскурсия барысында ең алдымен студенттер аттас алаңдағы Ұлы Абай ескерткішін аралап, куратормен сұхбаттасу барысында авторлар, ескерткіштің жасалу тарихы және оның ерекшеліктері туралы білді. Келесі кезекте Бейбітшілік аралына серуендеу ұйымдастырылып, онда полигон құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі мен ядролық полигонның жабылуына орай жасалған Бейбітшілік стелласы орнатылған. Соңында аспалы көпірге шолу жасалып, «Қарағайлы» ауданынан «Абай Арена» спорт кешені мен іргелес алаңға саяхат жасалды.
Студенттер үшін Семей қаласының көрікті жерлерімен және әсем жерлерімен танысу өте қызықты болды. Экскурсия басқа қалалардан келген студенттерге жақсы әсер қалдырды.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]




