Биыл 29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев заңға қол қойып, бірнеше жылдар бойы тойланбай кеткен 25-ші қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарды.
Тарихқа үңілсек,1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Араға 13 жыл салып Республика күні мемлекеттік мерекелер қатарына қайта енгізілді. Бұл күн туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек» екенін атап өткен болатын.
Республика күнін тойлау қарсаңында «СМУ» КеАҚ Өскемен филиалы Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының оқытушылары мен 6-7 курс ЖТД интерн-дәрігерлерінің қатысуымен жас ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді арттыру мақсатында «Менің Республикам – Қазақстан» атты мерекелік салтанатты кеш өтті. Концерттік бағдарламада патриоттық әсем ән де, мың бұралған би де, күмбірлеген күміс күй де орындалды.
Кеш соңында Жалпы тәжірибелік кафедрасының меңгерушісі Темирханова Р. Б. және «СМУ» КеАҚ Өскемен филиалының директоры Мукажанова А. К. салтанатты кешке жиналғандарды келе жатқан Республика күнімен құттықтап тілек-лебіздерін білдірді.[/vc_column_text]