Студенттердің өз ауылына, қаласына, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігіне, Отан алдындағы адамгершілік парызына деген сүйіспеншілік арқылы көрінетін шынайы патриоттық сезімін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Күні мерекесі қарсаңында 18.10.22 ж. «Жалпы медицина» мамандығының 1214 топ студенттері топ кураторы К. Т. Кусаиновамен қаламыздың тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.
Мұражай қызметкері әрбір экспонат залы, ондағы сәйкес экспонаттар жайында әңгімелеп берді. Семей өлкесінің тарихымен, ата-бабаларымыздың тұрмыс- тіршілігі, әлемге әйгілі адамдары жайында, фауна, флора, кең байтақ байлығы жайында таныстырып кетті. Саяхат қызықты да тартымды өтті. Студенттер Шығыстың Семей өлкесі жайында көп қызықты мағлұмат жинап, саяхаттан үлкен әсер алды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”123214″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]