2022 жылдың 26 қазанында Alikhan Bokeikhan University, Семей медицина университеті және “Abai IT-Valley” арасында үш жақты меморандум жасалды. Меморандумға қол қоюға “Семей медицина университеті” КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры Дюсупов Алтай Ахметкалиевич, Alikhan Bokeikhan University ректоры аппаратының басшысы Құрманбаева Жанна Асылханқызы, сондай-ақ “Abai IT-Valley” ЖШС директоры Наурызбаев Бауыржан Аманғазыұлы қатысты. Облыс әкімшілігінің өкілі Асхат Асқарұлы Бейсембаев, “Abai IT-Valley” технокластерінің жоба менеджері, Абай облысы әкімінің цифрландыру және IT-технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі үлкен қолдау көрсетті.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Семей қаласы мен Абай облысының Денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы ғылыми зерттеулерді, әзірлемелерді дамыту болып табылады. Бірлескен қызметтің кейбір түрлері медициналық салада IT-технологияларды қолдану мәселелері бойынша “СМУ” КеАҚ білім алушылары мен оқытушылары үшін оқытудың техно-кластері, консультациялар, мастер-класстар өкілдерін өткізу болады. Қол қою рәсіміне жалпы білім беретін пәндер кафедрасының “Медициналық зерттеулердегі IT” студенттік ғылыми үйірмесінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Ынтымақтастықтың күтілетін нәтижесі цифрлық медицина саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру болады.[/vc_column_text]