Бітіруші мамандарды даярлау сапасын бағалау, кәсіби-тұлғалық және шығармашылық потенциалды ашу, теориялық және практикалық оқыту процесінде алынған білім мен іскерлікті бекіту және тереңдету, болашақ мамандыққа қызығушылықты ынталандыру, ең дарынды және талантты студенттерді анықтау, өзін-өзі таныту мақсатында “СМУ” КеАҚ стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында 2022 жылдың 22 қазанында стоматология факультетінің 4 курс 401 топ студенттерімен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ 605 топ интерн стоматологтардың қатысуымен студенттен студентке форматында өткізілді.
Студенттік олимпиада жарыс түрінде топты 2 командаға бөліп, нақты тапсырмаларды орындап, кейіннен бағалау және қорытынды шығару арқылы өткізілді. Сабақта көрнекі құралдар, тесттер, кейстер, Каhоот қолданылды. Ашық сабақты кафедра доценті Хайдарова Н. Б. өткізді . Қатысушылар теориялық және практикалық дайындықты, кәсіби лексиканы меңгеруді, тәжірибеде заманауи технологияларды, оның ішінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдана білетіндерін көрсетті. Студенттер мен ПОҚ – дан кері байланыста: интерндердің қатысуымен жүргізілген интерактивті формадағы сабақ ақпараттық-танымдық сипатта өткізілді. Студенттер, интерндердің терең білімдері мен, ақпаратты жеткізе білу қабілеттерін атап өтті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]





