Ғабдулла Туқай – атақты татар ақыны

Ғабдулла Туқай – атақты татар ақыны

2022 жылдың 26 қазанында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 3203 топ студенттері және топ кураторы Жазықбаева Л. К. кураторлық сағат өткізді, оның барысында атақты татар ақыны – Ғабдулла Мұхаммедғарифұлы Туқайдың, өмір жолы және шығармашылығы туралы талқыланды.

Түркі мәдениетінің жарқын өкілдерінің бірі болған Ғабдулла Туқай өзінің қысқа, бірақ бай шығармашылық жолында шын мәнінде қызықты, ұлттық бояуы қанық әдеби шығармаларды жазды. Ақын өнерге және халқына адал қызмет етіп, өз өмірін поэзия жолында құрбан етті.

Ол өз шығармаларында замандастарының – халық жолындағы күрескерлердің, рухани тектілігін, адамдық ар-ожданын дәріптей отырып, сол дәуірдің шындығын суреттеуге тырысты. Татар халық ақыны бола отырып, ол өз шығармаларында Орталық Азияның барлық халықтарына жақын тақырыптарды көтерді: ұлттық мәдениетті қорғау, бостандық үшін күрес және тарихи жадыны сақтау. Сондықтан да Ғабдулла Туқайдың әдеби мұрасы барлығымыз үшін маңызды.

Кураторлық сағатта студенттер ақын және оның шығармашылығы туралы көп мағлұмат алып, оның кейбір поэмаларын тыңдады.

 

3203 топ студенттері, Жалпы медицина, куратор Жазықбаева Л. К.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: