Профессор С. О. Тапберегенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасындағы 2 курс студенттері арасында остеопороздың себебі мен алдын алу бойынша әңгімелесу

Профессор С. О. Тапберегенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасындағы 2 курс студенттері арасында остеопороздың себебі мен алдын алу бойынша әңгімелесу

Кафедраның салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және санитарлық-гигиеналық тәрбие жөніндегі жұмыс жоспары бойынша, 26.10.2022 ж. профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы 2339, 2340 топ ОМ студенттермен остеопороздың себептері мен алдын-алу бойынша әңгімелесті. Мүмкіндігінше ертерек денсаулығыңызға қамқорлық жасай бастаңыз. Сүйектер үнемі жұқарады. Жасқа байланысты остеопороз басталғанға дейін өзіңізді салауатты өмір салтына үйретуге тырысыңыз. D дәрумені түзілуінің табиғи көзі күн сәулесінде серуендеу (D дәрумені теріде ультрафиолет сәулелерінің әсерінен пайда болады). Тұрақты жаттығулар, әсіресе серуендеу, жүгіру және аэробика сізге көмектеседі. Темекіні тастаңыз, алкогольді пайдаланбаңыз және аман-есен болыңыз.

 

Каф. меңг. м. а. Олжаева Р. Р.

Рубрикалар: Оқушылар