Республика Күніне қарттарға волонтерлік көмек

Республика Күніне қарттарға волонтерлік көмек

Үлкендерге қамқорлық жасау тек қарттар күнімен шектелмеу керек. Қарттарға күнделікте өмірде көңіл бөлінуі тиіс. Осыған тиек болған біздің ұлттық мерекеміз – Республика күні. Республика Күні қарсаңында 2022 жылдың 22 қазаны күні «Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының доценті Қапанова Г. К. өзінің кураторлық топ студенттерімен қарт адамдарға қолдарынан келген волонтерлік көмектерін көрсетті. Доцент Капанова Г. К. 4101 топ студенттерімен біздің республикамыздың өркендеуіне ерен үлес қосқан Килина Вера Вермагеновнаның үйіне барып, Республика Күні мейрамымен құттықтап, әртүрлі азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектер апарып берді. Вера Вермагеновна студенттерге керемет ризашылығын білдіріп, рахметін айтты. Зейнеткер өз өмір жолының үзіндісін, ақыл-кеңесін айтып, бата-тілегін берді. Капанова Г. К. мен студенттер өз тараптарынан қарт анаға зор денсаулық тіледі.

 

Тәрбие жұмысына жауапты «Ішкі аурулар мен ревматология»
кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М. Б.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір