“СМУ” КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

“СМУ” КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

Тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 26 қазанда “СМУ” КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенттері А. К. Құмарбекова, Т. Д. Дәлелқанова, сондай-ақ ЖМ 4237 тобының студенттері Семей қаласындағы №3 орта білім беру мектебіне барды. Мектептің 11 “А” және 11 “Б” сынып оқушыларымен кездесу Педагог-кәсіби бағдаршы А. М. Бүркітовамен бірлесіп ұйымдастырылды. Сауалнама нәтижелері бойынша барлығы 5 оқушы «СМУ» КеАҚ-қа оқуға түсуге ниет білдірді.

Кіріспе сөзбен кафедра ассистенті Т. Д. Дәлелқанова сөз сөйледі, ол университеттің тарихына, артықшылықтарына, мүмкіндіктері мен жетістіктеріне қысқаша тоқталды. Кафедра ассистенті Кумарбекова А. К., Medical Foundation бағдарламасын ұйымдастыру туралы ақпаратты баяндады, ЖОО-ға түсу мүмкіндігі туралы, шартты-ақылы топтар туралы, ақылы оқудағы төлем мөлшері туралы таныстырды.

 

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір