Жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік көмек көрсету мақсатында жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті Терехова Татьяна Ивановна жоспарға сәйкес 2022 жылдың 26 қазан күні «Білім алушылардың корпоративтік этикасының ережелері» деген тақырыпта дәріс оқыды. Дәріске университеттің барлық жас мамандары қатысты. Жас оқытушылар дәріс барысында көптеген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жаңадан қызмет бастаған оқытушыларға кәсіптік бағдарды, әдістемелік дағдыларды, үнемі өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру жас мамандар мектебінің негізгі мақсаты.
Жас оқытушылар мектебінің төрайымы М.Д. Жорокпаева,
хатшы Н.М. Абешова