2022 жылғы 27 қазан күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева кафедра жоспарына сәйкес ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ 1301 стомотология тобының студенттеріне өткізілді.
Сабақ тақырыбы «Елімнің тарихи және мәдени мұралары». Сабақ жоспары, мақсаты, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты талқылау, бекіту, бағалау кезеңдері мен кері байланыста талаптарға сәйкес жүргізілді. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды. Ұйымдастыруда түрлі емоджилер, жаңа сабақта «Ирек әдісі», «555», «Кім жылдам», бейнебаянды зерделеуде «INSERT» стратегиясын, бекіту кезеңінде постермен тақырыпты ашып қорғау қолданылды. Бағалау мен кері байланыста студенттердің өз ойларын тыңдау, пікірлерімен санасу жұмыстары жүргізілді.
Сабақ барысында студенттер білімдерін жан-жақты ашып көрсете алды. Тақырыпқа қатысты білетін қосымша ақпараттарымен ой бөлісіп, тілге деген қызығушылықтарын танытты.
Ашық сабаққа кафедрадан аға оқытушы Ж.С. Кусаинова, PhD Ш.Б. Кадирсизова, оқытушылар Н.М. Абешова, Ж.А. Мухамеджановалар қатысып, өз пікірлерін білдірді.
ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева