Қайырымдылық іс-шараларға белсенді ат салысу “Жалпы дәрігерлік тәжірибе” кафедрасының асыл дәстүріне айналған. Осы дәстүрді сақтай отырып 25 қазан – Республика күні қарсаңында ЖДТ кафедрасының резиденттері мен м.ғ.д. Адильгожина С. М. басшылығымен кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Бұл жолы аз қамтылған және көп балалы екі отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл екі отбасы дәрігер-резиденттердің учаскелік қызметті атқару барысында анықталған болатын. Аталған отбасыларға дәрігер-резиденттердің тарапынан медициналық кеңес жүргізіліп, сондай-ақ қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етілді.[/vc_column_text]