Облыс мектептерінде «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның тұсаукесері

Облыс мектептерінде «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның тұсаукесері

2022 жылдың 28 қазанында ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Д. К. Кожахметова Абай облысы Бесқарағай ауданы білім бөлімінің Глуховка ауылының орта мектебіне кәсіптік бағдар беру мақсатында барды.

Қожахметова Д. Қ. кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты ретінде 10-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау туралы әңгіме жүргізді. Оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ имидждік бейнеролик көрсетілді. Әңгімелесу барысында мектеп оқушылары «Семей медицина университеті» КеАҚ-на түсу шарттары, дәрігердің жұмысының болашағы туралы сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауап берілді. Балаларға «Семей медицина университеті» КеАҚ-да жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, университеттегі оқу шарттары туралы ақпарат бар буклеттер таратылды.

Әңгіме нәтижесінде бес мектеп оқушысы дәрігер болуға ниет білдірді. Сол үшін болашақта «Семей медицина университеті» КеАҚ-на түскісі келеді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір