Қорғаныс министрі Алматы қаласында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді

Қорғаныс министрі Алматы қаласында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді

2022 жылдың 25 қазанында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алматы қаласында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. Іс-шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР бас әскери прокуроры Дастан Секенов қатысты.

Кездесу еліміздің қорғаныс министрлігі мен университеттерінің белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілерге тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру жөніндегі бірлескен жобасы аясында өтті. Кездесу барысында қорғаныс министрлігі мен Семей медицина университеті арасында келісімге қол қойылды.

Еліміздің қорғаныс министрлігі мен университеттерінің бірлескен жобасы әскери қызметшілерге тегін жоғары білім беру мүмкіндіктерін ұсынады, сондай-ақ әскери қызметтің беделін арттыруға ықпал ететін болады. “СМУ” КеАҚ келісім аясында әскери борышын өткерген әскери персоналға 3 білім гранты беру жоспарлануда.

“Қол қойылған келісім әскерилерді армиядан кейін әлеуметтендірудің бір механизмі. Біріншіден, жоғары оқу орындарына өздерін жақсы жағынан көрсетіп, мұқият іріктеуден өткендер келеді. Екіншіден, оқу орындарына баратындар – армия мектебінен өткен жастар. Мықты, төзімді, тәртіпті балалар студенттерге батылдық пен дербестіктің үлгісі болады”, – деп атап өтті Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Келісім ынтымақтастық бағыттарын, сондай-ақ ЖОО-ға конкурстан тыс түсу үшін жыл сайын бөлінетін орындар санын айқындайды.
Келісім 2023 жылдан бастап күшіне енеді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]