Семей қаласының №2 мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру

Семей қаласының №2 мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру

Кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында 2022 жылдың 27 қазанында «Семей медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қызметкерлері Семей қаласының Қ. Сәтбаев атындағы №2 орта мектебіне барды. Болашақ ізденушілер кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Д. К. Қожахметова және нефрология білім беру бағдарламасының резиденттерімен кездесті. Оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ имидждік бейнеролик көрсетілді, университетте жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, университетке түсу және оқу шарттары туралы ақпарат бар буклеттер таратылды. Оқушылар бірқатар сұрақтар қойды, оларға жауап берілді. Резиденттер «Семей медицина университеті» КеАҚ-да оқу тәжірибесімен бөлісті, студенттердің әлеуметтік өмірі туралы айтты. Әңгімелесу нәтижесінде 11-сыныптың екі оқушысы Семей қаласының Mедициналық университетіне түсуге ниет білдірді.

 

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір