Семей қаласының 1-ші қалалық ауруханасының неврология бөлімінде 28.10.2022 резиденттер және невролог-дәрігерлер, халықаралық инсультпен күрес күніне орай мастер-класс өткізді. Шараға барлық науқастар шақырылды. Госпиталға дейінгі деңгейде инсультті ерте анықтау және алғашқы көмек көрсету әдістері түсіндірілді. Сонымен қатар инсульттің негізгі қауіп факторлары және оларды алдын алу туралы әңгіме жүргізілді. Пікірталасқа науқастар белсене атсалысты және көкейкесті сұрақтарын қойды.
Конференцияның соңында барлық қатысушыларға инсульттің алдын алу туралы ақпараттық материалдар берілді.[/vc_column_text]