2022 жылдың 29 қазанында «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік ауруханасының Гастроэнтерология бөлімінде дәрігер гастроэнтерологтардың, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының «Гастроэнтерология ересектер, балалар» мамандығы бойынша резиденттерінің қатысуымен «Асқазан-ішек жолдары мен бауырдың аутоиммунды ауруларының қарапайым диагностикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Самруни» ЖШС аутоиммунды диагностиканың аймақтық дәрігер лаборанты Досмагүл Айнұр асқазан-ішек жолдарының аутоиммунды ауруларын (целиакия, Крон ауруы, жаралы колит, біріншілік склерозды холангит, аутоиммунды гепатит, антифосфолипидті синдром, пернициозды анемия және т.б.) дифференциалды диагностикасы үшін қандай зерттеулер жүргізуге болатынын, иммублот әдістері туралы айтып берді. Сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.