29.10.2022 ж. Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған “Денсаулық бұрышы” атты үлкен акция өтті. Ұйымдастырушы “Neurodamu инсультпен күрес жөніндегі қайырымдылық қоры” коммерциялық емес ұйымы болды. Акция Астана, Алматы, Семей, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Атырау қалаларында өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты инсульт мәселесі, алдын алу шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру және осы аурудың пайда болу қаупі туралы халық арасында кеңес беру болды.
Семей қаласында ұйымдастыру шараларына жауапты Капасова Эльнара Русланқызы, “Семей медицина университеті” КеАҚ университет госпиталінің резидент-дәрігері Филиппова Наталья Анатольевнаның, сондай-ақ “СМУ” КеАҚ LC of KazMSA Қазақстан медицина студенттері қауымдастығының жергілікті комитетінің қатысуымен болды. Іс-шара “Қазына” ойын-сауық орталығында өтті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]