2022 жылдың 26 қазаны мен 11 қарашасы аралығында травматология және балалар хирургиясы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің біліктілігін арттыру мақсатында SES сарапшысы Gabriele Maria Krawzak (Габриэле Мария Кравцак) «Семей медицина университеті» КеАҚ-на келеді.
SES сарапшысы Габриэле Мария Кравцактың жалпы және абдоминальды хирургияның барлық салаларында, атап айтқанда балалар хирургиясында ауқымды және көп жылдық тәжірибесі бар. Г. М. Кравцактың мамандығы балалар хирургиясы болғандықтан кішкентай науқас балаларды тексеріп, емдеу. Қызмет бабымен Гамбург, Эссен, Дюссельдорф ауруханаларында балалар хирургиясының бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарған.
«СМУ» КеАҚ жоба аясында сарапшы науқастарды тексеруге, хирургиялық оталарға тікелей қатысып, кафедра қызметкерлері мен студенттердің біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстармен айналысады.
Аға сарапшылық қызмет (SES) – зейнеткерлікке шыққан және қызметтен тыс мамандар мен басшыларды басқа елдердегі жобаларға ерікті негізде жіберетін жетекші неміс ұйымы. 1983 жылдан бері ұйым бүкіл әлемде, экономиканың барлық секторлары мен салаларында құзыреттердің дамуына ықпал етіп келеді. Ұйымның негізгі қызметі мамандар мен менеджерлерді кәсіби даярлау, қызмет көрсету сапасын арттыру, сонымен қатар техникалық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық мәселелерді шешу болып табылады.[/vc_column_text]