[vc_row][vc_column][embeddoc id=”1aIXTFkQDvh67QDkjCmk6A_yTgVEgFK_N” viewer=”drive” download=”none”][vc_zigzag css=”.vc_custom_1648457604435{margin-bottom: 35px !important;}”]
- Мысал (жүктеп алу)
- Экзамен есептері (жүктеп алу)
- Қабылдау емтиханының ведомості (папканы ашу)
«Семей медицина университеті» КеАҚ 7М10113 – Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандығы бойынша іскерлік басқару магистріне (МВА) қабылдау туралы хабарлайды.
Оқу мерзімі – 12 ай, өндірістен үзусіз, демалыссыз.
Оқыту форматы – бетпе-бет, қашықтықтағы технологияларды қолдану арқылы.
Оқуды аяқтағаннан кейін, «Іскерлік басқару магистрі» біліктілігі МВА дипломымен, сондай-ақ «Менеджмент психологиясы (менеджмент)» кәсіби қайта даярлау бойынша «Мәскеу психоанализ институтынан» білім туралы диплом беріледі.
12 айға білім беру бағдарламасы бойынша оқыту құны – 850 000 тг.
Оқуға түсу үшін құжаттар тізімі:
- Қабылдау емтихандарына қатысу туралы өтініш «СМУ» КеАҚ Басқарма төрағасының ғылым және стратегиялық даму жөніндегі орынбасарының атына (жүктеп алу).
- «СМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректордың атына оқуға түсу туралы өтініш (қабылдау емтиханын тапсырғаннан кейін) (жүктеп алу).
- Жоғары білімі туралы құжат (көшірмесі және түпнұсқасы (оқуға түскеннен кейін)).
- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- 3 x 4 см алты фотосурет.
- 075/у нысанды медициналық анықтама (түпнұсқа), 2022 жылғы флюорография нәтижесі (көшірме).
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (фотосуретпен).
- Жұмыс орны бойынша куәландырылған еңбек кітапшасы (көшірмесі), жұмыс орны бойынша куәландырылған (жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар үшін).
- Пластик байланыстырғыш (жасыл).
- Келісім (жүктеп алу).
Білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсыру үшін құжаттардың көшірмелерін қоса ұсынып, https://forms.gle/sJnvtuUdXLogDFyt7 сілтемесі бойынша тіркелу қажет. *Тізімге сәйкес барлық түпнұсқалар қабылдау емтихандарын тапсырғаннан кейін беріледі. Құжаттарды қабылдау 02.11.2022-06.11.2022 жүргізіледі.
Қабылдау емтиханы 07.11.2022 жылдан 11.11.2022 жылға дейін басқа қалалардың талапкерлері үшін қашықтықтан, Семей қаласының талапкерлері үшін жеке қабылдауда («СМУ» КеАҚ бас ғимаратында) өтеді.
Қосымша ақпарат – телефон арқылы:
8 777 227 4234 Кошпесова Гульсум Кабжановна
8 775 537 9757 Кырыкбаева Салтанат Саятовна