Республика күніне орай құрылған жоспарды орындау мақсатымен стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургия кафедрасы «Қарттар күні және алтын күз мерекесі» тақырыбында №2 Семейлік қарттар үйінде мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік кеш 2022 жылдың 17 қазан күні ұйымдастырылды.
Мерекелік концертті бастапқы құттықтау сөзімен стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургия кафедрасының меңгерушісі Сулейменева Д. М. ашып берді. Бағдарламада әндер, билер, домбыра музыкалық композициялар, флэшмоб болды.
Мерекелік кеш өте сәтті өтті, соңында қарттар үйі мекемесінің басшылығы студенттерге, концерт ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, №2 Семейлік қарттар үйінің қызмет алушылары кафедраға және студенттерге үлкен ризашылығын білдірді. Басшылық ұйымы жылы сөздерімен студенттерге тілектерін білдіріп, алғыс хат табыстады және қайта «Центр активного долголетия №3» мекемесіне мерекелік кеш ұйымдастырып кездесуге шақырды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]