Қазан айының 21 күні “Семей медицина университеті” КеАҚ «Жас ғалымдар комитеті» мен университет магистранттары мен докторанттары Республика күніне арналған қайырымдылық шараға қатысты. Өрт салдарынан зардап шеккен, Томская көшесі 2 мекен жайы бойынша тұратын Семей қаласының тұрғындарына қаражаттық көмек көрсетілді. Өрт салдарынан тұрғын үйдің шатыры, терезелері, жаздық ас үй, монша өртке оранып, жарамсыз болып қалған. Үй иелері «Жас ғалымдар комитетіне», университет магистранттары мен докторанттарына өз алғыстарын білдірді.