2022 жылдың 29 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 1121 топ студенттері, кураторы ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Б. З. Елкенованың жетекшілігімен Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайын көріп қайтты.
Мұражайдағы 13 мың экспонат қоры 7 дербес тақырыптық залдарға орналасқан, олар: «Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды».
Экскурсия барысында студенттер көрмеге қойылған мұрағат құжаттарымен, Абайдың қолтаңбасымен, ақын-замандастарының қолжазба мұраларымен, Абай дәуіріндегі фотосуреттермен, сирек кітаптармен, мерзімді басылымдармен, сонымен қатар бейнелеу өнері туындысымен, этнографиялық жәдігерлермен танысты. 1885 жылы Абай тарихи-өлкетану мұражайына өткізген студенттер Абайдың жеке заттарын, Абайдың әдеби дәстүрін жалғастырушылардың шығармаларын, олардың дүние жүзі халықтарының тілдеріне аудармаларын да тамашалады. Сондай-ақ Абайтанудың негізін салушы М. О. Әуезовтің еңбектерімен де танысты.
Мұражайға саяхат терең мазмұнды болып, студенттерге жарқын әсер қалдырды.
Оқытушы Елькенова Б. З.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]