12-19 қазан аралығында «СМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында “коммуникативтік дағдылар” пәні бойынша пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға “Стоматология” мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Олимпиада III турдан тұрды.
I тур: Іріктеу. Қатысушыларға бір дұрыс жауаппен әр түрлі қиындықтағы 10 тест тапсырмасы берілді.
II тур: іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар арасында өткізілді. Қатысушылар тапсырмалардың екі түрін орындады: 1. “Дәрігер жұмысындағы Коммуникативті дағдылар” тақырыбында эссе жазу. 2. Іспен жұмыс.
III тур: қорытынды шығару және олимпиада жеңімпаздарын марапаттау.
Олимпиаданың ашылуына кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., Д. А. Мұқанова құттықтау сөз сөйледі.. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Шеповалова А. (1307 топ);
II орын – Жанбай Ж. (1302 топ), Серікқазина Д. (1304 топ).
III орын – Слятаева Т. (1307 топ), Бекетов А. (1307 топ), Белянцев А. (1303 топ).
Қалған қатысушылар олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар алды.
Олимпиаданың әрбір қатысушысы ынталандыру сыйлықтарымен (шоколадтар жиынтығымен) марапатталды.
Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы олимпиаданың барлық қатысушыларына және “СМУ” КеАҚ кәсіподақ комитетіне алғысын білдіреді.
Олимпиаданы ұйымдастырушы О.Т. Ван., көмекшісі Орынбасарова Б. А.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]