Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында ассистент Тұрұсбекова Диляра Химадиденқызы ашық сабақ өткізді

Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында ассистент Тұрұсбекова Диляра Химадиденқызы ашық сабақ өткізді

“Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы” кафедрасында жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін бағалау және жетілдіру мақсатында кафедраның жылдық жоспарына және “СМУ” КеАҚ ашық сабақ туралы ережесіне” сәйкес ашық сабақтар жоспарланып, өткізілуде.

2022 жылдың 28 қазанында жас маман Турусбекова Д. Х. стоматология факультетінің 406 тобының студенттерімен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы: күнтізбелік-тақырыптық жоспарға, силабустарға, “Keyps” электрондық қосымшасының блюпринттеріне сәйкес келетін “балалар жасындағы созылмалы периодонтиттер”.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, доцент Сүлейменева Д. М., доцент Абралина Ш. Ш., доцент Хайдарова Н. Б., оқу ісінің меңгерушісі Касенова Г. Л., стоматология факультетінің бас координаторы Калиханова К. Е., коммитти иректорлары Кабдыканов С. К., Мұхтар М. Р. және ассистент Кокымбекова Н. М. қатысты.

Ашық сабақ барысында қатысушылар сабақты өткізу әдістемесін, материалды талқылау және беру деңгейін, оқушылардың дайындығын, қызығушылығын бағалады.

Ашық сабақ СBL-TBL тәсілі бойынша жасалынған, сабақ «kahoot» қосымшасымен басталып, клиникалық жағдайды талдау және рентгенологиялық суреттерді талқылау жүргізілді. Студенттер 3 кезеңді (кіріспе, аралық, қорытынды) тестілеуден өтті.

Студенттер белсенді қатысып, жұмыс істеді. Жалпы, ашық сабақ қызықты, белсенді және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізді.

Ашық сабақтың соңында “Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы” кафедрасының доценттері мен ассистенттері ашық сабақты өткізу сапасына баға берді. Олар сабақты өткізу әдістемесін, жас бастаушы педагог Турусбекова Д.Х.-ның педагогикалық шеберлігін талқылады, материалды беру қабілетіне, сабақ тақырыбын меңгеру деңгейіне және білім алушылардың жақсы дайындығына баға берді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі