Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 27.10.2022 ж. неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті Ш. Б. Ахметқалиева Семей қ. №10 ЖОББМ, №39 ЖОБММ-де кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 11 сынып оқушыларымен кездесуде келесі мәселелер түсіндірілді: “Семей медицина университеті” КеАҚ талапкерлері үшін түсу ережелері, оқу шарттары, Medical Foundation негіздері, психометриялық емтиханның маңыздылығы, шартты-ақылы топтар, ақылы оқудағы төлем мөлшері. Білім алушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді, ақпараттық брошюралар таратылды.[/vc_column_text]