11.01.2022 ж. Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Раисов Т. Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлық топтары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының профессорының міндетін атқарушы – Уразлина Наиля Мұратханқызымен және Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының гибридті операциялық бөлім меңгерушісі, интервенциялық хирург Маралбаев Айбол Ролланұлымен кезесті. Жиынға «Жалпы медицина» мамандығының 1101, 1102, 1103, 1104, 1121 және «Педиатрия» мамандығының 2324, 2326 топтары қатысты.
Қонақтар өздерінің өмірбаяндары туралы слайдтар көрсетті, медицина жолына түсуге шешімін қалай қабылдағаны жөнінде, университеттік шағын, студенттік өмірін, курстастар арасындағы достық қарым-қатынастар және өзара көмегі туралы айтып берді. Сонымен қатар, сол кездегі оқытушылардың студенттерге деген достық, жанашырлық қатынасы жайлы баяндап берді. Уразалина Н.М. табысты оқудың шешуші факторы туралы және өзінің ұстаздық қызметі, мамандығына деген сүйіспеншілігі туралы сұрақтарға жауап берді. Маралбаев А.Р. хирург мамандығының қиындығы, хирург бойында болуы тиіс маңызды қасиеттер, мамандықтың жақсы және жаман жақтары туралы әңгімеледі.
Кездесу соңында Найля Мұратханқызы мен Айбол Ролланұлы студенттерге оқуда сәттілік пен шыдамдылық тіледі. Осы кездесуден кейін барлық студенттердің оқуға, ғылымға деген қызығушылығы артады деп ойлаймын.
ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы молекулалық
биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы,
медицина ғылымдарының магистрі Мусапирова А. Б.