Саламатты ауыл – ауылдың денсаулығын жақсарту жолында

Саламатты ауыл – ауылдың денсаулығын жақсарту жолында

“Саламатты ауыл” жобасы аясында ауылдық жерлердегі тұрғындарға консультативтік көмек көрсету үшін «СМУ» КеАҚ профессорлық-оқытушылар құрамынан мультидисциплинарлық топтар құрылды. Ағымдағы жылдың 26 қазанында Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК Ақсуат ауылына және “Көкпекті аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК Көкпекті ауылына құрамында гастроэнтеролог, уролог, кардиолог, травматолог және эндокринолог мамандар тобы шықты.

Көшпелі бригада 2022 жылғы 26-30 қазан аралығында әр аудан орталығында 2 күннен жұмыс істеді. Көшпелі бригада құрамында кардиолог-дәрігер – м.ғ.к., терапия кафедрасының доценті Есимбекова Эльмира Ирановна, гастроэнтеролог-дәрігер – м.ғ.к., ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Шаханов Тұнғышхан Егізханұлы, уролог дәрігер хирургиялық пәндер кафедрасының ассистенті Базарбеков Ратбек Жеңіспекұлы, травматолог-дәрігер – травматология және балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті Бөкембаев Нұрлан Акрашұлы, эндокринолог-дәрігер – терапия кафедрасының ассистенті Сербатырова Тоғжан Бейбітқызы.

Көшпелі мультидисциплинарлық бригада жұмысы барысында барлығы 534 науқас қаралды, оның ішінде Көкпекті ауылының 200 тұрғыны және Ақсуат ауылының 334 тұрғыны. Жеке мамандармен: кардиологпен 160 пациент, гастроэнтерологпен – 105, травматологпен – 90, урологпен – 79 пациент, эндокринологпен – 100 науқас қаралды. Барлық науқастарға емдік-диагностикалық ұсыныстар берілді. Медициналық мекемелердің қызметкерлері «СМУ» КеАҚ клиникалық кафедраларының мамандарының біліктілігін арттырудың және аудан тұрғындарына консультациялық көмек көрсетудің жүйелі болуына тілектерін білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]