2022 жылғы 28 қазанда 2 және 3 оқу жылының докторанттары Барнаул қ., РФ Денсаулық сақтау министрлігінің «Алтай мемлекеттік медицина университеті» ФМБЖ ББМ базасында өткен «Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының мерейтойы. Балалардың денсаулығын қорғауда 65 жыл» атты халықаралық қатысумен өткен ғылыми – тәжірибелік конференцияға белсене қатысты.
Конференцияға қатысушыларға «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасының ғылым және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Назарбек Бақытбекұлы Омаров құттықтау сөз сөйлеп, «Семей медицина университеті» басшылығының атынан м.ғ.д., РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Алтай мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ирина Игоревна Шереметьеваны, профессорлық – оқытушылық құрамды, қызметкерлер мен студенттерді Алтай мемлекеттік медицина университетінің 70 жылдығымен, сондай-ақ кафедра меңгерушісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Юрий Федорович Лобановтың 65 жылдығымен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасын құттықтап, «СМУ» КеАҚ алғыс хаттарын табыстады. Өз сөзінде ол көптеген жылдар бойы біздің университетпен бірлесіп табысты және жемісті жүргізіліп келе жатқан ғылыми және педагогикалық жұмысты жетілдірудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қатысушыларға табысты және жемісті жұмыс тіледі.
Конференция бағдарламасында «СМУ» КеАҚ 3 баяндама ұсынды. Конференция жұмысы балалар жасындағы аурулардың және жалпы педиатрияның өзекті мәселелерін қарастыруға бағытталды.
Біз білім және ғылым саласындағы «Алтай мемлекеттік медицина университетімен» ынтымақтастықты одан әрі дамытуға шын жүректен үміттенеміз және ЖОО басшылығына осындай маңызды іс-шараға қатысуға шақырғаны және қатысқаны үшін алғыс айтамыз.