Өңірдің қала және ауыл мектептерінде жыл сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы оқытушыларының Семей қаласының 4-ші және 40-шы жалпы білім беретін мектептерінің болашақ талапкерлермен кездесуі өткізілді. Кездесуде университетіміздің даңқты тарихы, студенттер оқитын мамандықтар, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі келешегі туралы айтылды. Барлық ақпарат оқушыларға бейнекадрларда ұсынылды, бұл оларды «СМУ» КеАҚ-мен көрнекі және түрлі-түсті таныстыруға мүмкіндік берді. Кездесу жанды, мейірімді атмосферада өтті. Оқушылардың қызығушылығы сезілді, олар әңгімеге белсене араласып, біздің ЖОО-да оқуға қатысты көптеген түрлі сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар алды. Әсіресе болашақ талапкерлерді өткен жылы оқуға түсу үшін өту ұпайларына және ҰБТ тапсыру үшін пәнді таңдауға қатысты мәселелер қызықтырды.
Кездесуді кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупова және кафедра оқытушылары В. Т. Ахметова мен Д. М. Сайдуалиев бастаған Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы ұйымдастырды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуге ЖТД 715 тобының дәрігер-интерндері және бакалавриаттың 5427 тобының қатысты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]