Ашық сабақ өткізу жоспарына сәйкес 26.10.2022 ж. стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургия кафедрасында стоматология факультетінің 505 тобының студенттері кафедра ассистентімен Мухтар М.Р. практикалық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: “балалардағы тіл аурулары”. Тақырып “KEYPS” электрондық қосымшасындағы тақырыптық жоспарға, силлабусқа, блюпринттерге сәйкес келді. Сабақ CBL+TBL әдісі бойынша 4 кезеңде өткізілді. Барлық студенттер осы тақырып бойынша клиникалық жағдайларды талдауға белсенді қатысты. Сабақ соңында “Excel” бағдарламасының есептеулері бойынша білім алушылардың бағалары айтылды. Студенттер мен қатысушы оқытушылардан сауалнама түрінде кері байланыс алынды.
Ашық сабаққа қатысқандар: кафедра меңгерушісі Сүлейменова Д.М., оқу ісінің меңгерушісі Касенова Г.Л., кафедра ассистенттері Рахимжанов И.Н., Момынжанов А.Т.