Артериалды гипертензия ̶̶̶̶̶ жүрек-қан тамыр жүйесінің ең өзекті сырқаттарының бірі. Артериалды гипертензия таралуы жағынан бүкіл әлемде бірдей және қарт адамдарда жиі кездеседі. 60 жастан асқан адамдарда артериалды гипертензияның таралуы 60% жоғары болып табылады. Артериалды гипертензияның қауіпті асқынуы – гипертоникалық криз, шұғыл түрде жардемді қажет етеді. Әрбір артериалды гипертензиясы бар адам, гипертоникалық криздің белгілерін және өз-өзіне қалай көмек көрсету керегін білу қажет.
2022 жылдың 4 қарашасында «Күміс Университет» жобасы қарсаңында, симуляционды және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы, дәрігер-терапевт Смагулова Ж. И., зейнеткерлерге «Гипертоникалық криз кезіндегі алғашқы көмек» тақырыбында семинар жүргізді. Сұрақтарға жауап беріп, жалпылама ұсыныстар мен кеңестер берді.