2022 жылғы 18 қарашада сағат 15:00-де Erasmus+ бағдарламасы аясында Стамбул Айдын университетінде (Стамбул, Түркия) бір апталық мерзімге академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін оқытушылар құрамы арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтеді.
Бағдарламаға қатысушыларға жол шығындары, тәуліктік шығындар және тұру ақысы төленеді.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- ағылшын немесе түрік тілін жоғары деңгейде меңгеру;
- нақты мотивация және сапардың мақсаттары мен нәтижелерін негіздей білу.
Ағылшын тіліндегі түйіндеме 2022 жылдың 17 қарашасына дейін smu.partnership@smu.edu.kz электронды поштасына қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша стратегиялық даму мен халықаралық серіктестік бөліміне хабарласуға болады (127 кабинет).