2022 жылдың қараша айының 7 күні «Семей медицина университеті» ҚеАҚ-ның түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімі «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Арман Темірғалиевпен түлектерге кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараға АҚ-ның өкілі мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота бойынша білім алып жатқан түлектердің міндетті жұмыс өтілі туралы мәлімет берді. Қандай жағдайда түлектердің жауапкершілікке тартылатындығы, оқу шығындарын қайтару мәселелерін толықтай түсіндіріп берді. Сонымен қатар түлектер қатарынан міндетті өтіл бойынша сұрақтар қойылды.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу