2022 жылдың 10 қараша айында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры А. А. Дюсупов Абай облысы ДСБ «Областық перинаталдық орталығы» ШЖК КМК ұжымымен кездесу өткізді. А. А. Дюсупов ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде жиналғандарға Президенттің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім және жастарды әлеуметтік қолдау шараларына толығырақ тоқталды. Президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының маңызды тұстары талқыланды. Қатысушылар сайлау штабының жұмысымен танысып, ұсыныс тілектерін ортаға салды. Қазақстанды халықаралық аренада бейбіт ел, бітімгер, ізгі және толерантты мемлекет ретінде ілгерілетуге бағытталған, әсіресе қазір біздің мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңін бастан кешіріп жатқан кезі туралы Президенттікке кандидаттың сайлау алдындағы бастамалары талқыланды және барлық азаматтардың үлкен үміттері бар.
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу