ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымы 2018 жылы кафедра негізінде құрылған “Студент – Донор” студенттік ұйымына жасаған жетекшілігін жаңадан жаңғыртты.
“Студент – Донор” студенттік ұйымының ұйымдастырушысы кафедраның меңгерушісі, доцент Оразалина А.С., ұйымның ғылыми жетекшісі Елькенова Б.З. Ұйымның ғылыми кеңесшісі профессор Мыңжанов М. Р.
2022 жылдың 07 қарашасында кафедраның жетекшілігімен “Студент – Донор” ұйым еріктілерінің кезекті, жоспарлы жиналысы өтті.
“Студент – Донор” студенттік ұйымы – Семей қаласының медицина университетінің тәрбие процесіне және қоғамдық өміріне белсенді қатысатын қоғамдық ұйым.
“Студент – Донор” студенттік ұйымының төрағасы А. Сейтқали, “Жалпы медицина” мамандығының 3215 тобының студенті, ұйымның кураторлары “Жалпы медицина” мамандығының студенттері Қажымұқанов Жан, Сәтікенов Ерсайын, Галякбар Мадина, Азаматова Ақбота, Тастанбекова Меруерт, Агымова Венера, Балдяева Камилла, Ұлан Самғар, Әбішов Әсет, Серкбекова Әлия, Әлімханов Әлішер, Серік Гаухар, Бақытжанұлы Бекжан, Таирова Дильназ, “Педиатрия” мамандығының студенттері Жетпісбайұлы Бекжан, Отарбек Аңсар, “Фармация” мамандығының студенттері Дәлелқан Балғын және” Стоматология ” мамандығының студенті Мусатаев Жандос.
Студенттік ұйымның мүшелері тұрақты донация жүргізеді және ғылыми материалдарды жинап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, қан топтары мен резус – фактордың тұқымқуалау мәселелері бойынша семинарлар мен тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу бойынша іс – шаралар ұйымдастырады, сонымен бірге, ұйым кураторлары “Болашақ дәрігерге бір қадам” атты бағдарламасы бойынша мастер – класстар мен Magellan зияткерлік ойындарын өткізеді. Студенттерді донациялау “Семей қаласының қан орталығы” ШЖҚ КМК базасында жүргізіледі.
Жобаның мақсаттары
- Сирек кездесетін қан топтары және резус – факторы бойынша СМУ студент –донорларының электрондық базасын құру;
- “Студент – Донор” ұйымының құрамына кіретін СМУ ұйымының білім алушыларының қан тобын айқындау процесінде алынған деректер базасына негізделген ғылыми жобаны іске асыру;
- СМУ білім алушылары арасында резус – конфликт бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
- Студенттерді еріктілер қозғалысына тарту.
Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы