«Семей медицина университеті» КеАҚ-да 2022 жылғы 31 қазан мен 04 қараша аралығында құрылымдық бөлімшелерде сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті өтті.
Сапа менеджменті жүйесінің (бұдан әрі СМЖ) ішкі аудиті келесі мақсаттарда жүзеге асырылады:
- СМЖ-нің ҚР СТ ИСО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкестігін тексеру;
- университетте бекітілген ішкі құжатталған ақпараттың СМЖ-нің сәйкестігін тексеру;
- СМЖ-нің тиімді енгізілгеніне және жұмыс жағдайында сақталғанына көз жеткізу.
СМЖ-нің ішкі аудиті құрылымдық бөлімшелердің жұмысындағы сәйкессіздіктерді анықтауға ғана емес, сонымен қатар университеттің барлық бағыттардағы қызметін жақсарту және сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.
СМЖ-нің ішкі аудитін Басқарма төрағасының ғылым және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Н. Б. Омаровтың басшылығымен университетте СМЖ-нің жұмыс істеуіне жауапты бөлімше стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырды.
Ішкі аудитті кафедра қызметкерлері мен әкімшілік-басқару персоналынан тұратын ішкі аудиторлар тобы жүргізді. Ішкі аудиторлар ретінде тексерілетін қызмет саласында жоғары білім мен дағдыларға ие құзыретті қызметкерлер тартылды.
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ішкі аудиторлар тобының барлық мүшелеріне алғысын білдіреді:
- Мансурова А. А. – балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті;
- Токешева А. М. – профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының доценті;
- Мальченко В. В. – қосымша және бейресми білім беру бөлімінің басшысы;
- Оразалина А. С. – академик Т. К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі;
- Урузбаева Г. А. – медициналық білім беру сапасын бақылау бөлімінің басшысы;
- Назарбекова М. С. – Тусупова Д. М. атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ассистенті;
- Кырыкбаева С. С. – ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы;
- Хисметова З. А. – қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі;
- Каскабаева А. Ш. – ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушісі;
- Узбекова С. Е. – медицина мектебінің деканы;
- Жорокпаева М. Д. – жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доцентінің м. а.;
- Мансурова Д. А. – терапия кафедрасының меңгерушісі;
- Алимбаева А. Р. – Тусупова Д. М. атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі;
- Джакубекова Ж. С. – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы;
- Юрковская О. А.- жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессорының м. а.;
- Карсакова А. Т. – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы;
- Шабдарбаева Д. М. – профессор Ю. Г. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі;
- Муканова Д. А. – симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі.