2022 жылдың 9 қарашасында Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Сәкім Д. Ғ. Семей қаласындағы ТВК-6 арнасының «Бағыт және Бағдар» бағдарламасына сұхбатқа шақырылды. Сұхбат «Дені сау бала – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында өрбіді, баланың өсуі мен дамуы, кейбір ауруларды ерте диагностикалау және алдын алу бойынша жүргізілетін шаралары туралы сұрақтар талқыланды. Сұхбат жайлы атмосфера жағдайында өтті, бұл сұхбат тұрғындар үшін пайдалы болады деп сенеміз.
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу