2022 жылдың 14 – 15 қараша күндері Медицина мектебінің деканы Узбекова Салтанат Есенгалиевна қыркүйек-қазан айларының қорытындысы бойынша 2 курс «Жалпы медицина», «Педиатрия» және 4 курс «Жалпы медицина» білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерге себепсіз сабақты босатқан жағдайда қолданылатын тәртіптік жаза түрлері айтылды.Студенттер академиялық саясатымен, пән саясатымен, академиялық адалдық саясатымен, студенттердің әдеп кодексімен және білім алушылардың ішкі тәртіп ережелерімен тағы бір мәрте таныстырылды. Қараша айының үшінші онкүндігінде нормативтік құжаттар бойынша студенттердің білімдерін тексеру болатындығы аталып өтілді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу