“Семей медицина университеті” КеАҚ мейірбике ісі кафедрасы 2022 жылғы 23 қарашада сағат 15:00-де Семей қаласы, Абай көшесі, 103 мекен-жайы бойынша өтетін «Мультидисциплинарлық топтың жұмысындағы кеңейтілген тәжірибе медбикесінің рөлі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мейірбике ісі саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бастама жасау. Іс-шара барысында стационарлар мен БМСК деңгейінде халыққа Мейіргерлік көмек көрсету және ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасу жоспарлануда. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылау үшін өз сұрақтарын ұсына алады. Дөңгелек үстел жұмысына медициналық ұйым басшыларын, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын, аға және бас медбикелерді, медбикелер қауымдастығының өкілдерін қатысуға шақырамыз. Конференцияға қатысу нысаны – күндізгі, сырттай.
Қосымша ақпаратты 87784549954 нөмірі бойынша алуға болады, Шарапиева Алуа Мұратбекқызы.