Құрметті әріптестер 2022 жылы 18 қарашада сағат 15:00-де үлкен конференц-залда (132 кабинет) Erasmus+ бағдарламасы аясында Стамбул Айдын университетінде (Стамбул, Түркия) бір апталық мерзімге академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін оқытушылар құрамы арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтетіні туралы қайталап айтамыз.
Бағдарламаға қатысушыларға:
- жол шығындары.
- тәуліктік шығындар.
- тұру ақысы төленеді.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- ағылшын немесе түрік тілін жоғары деңгейде меңгеру;
- нақты мотивация және сапардың мақсаттары мен нәтижелерін негіздей білу.
Ағылшын тіліндегі түйіндеме 2022 жылдың 17 қарашасына дейін smu.partnership@smu.edu.kz электронды поштасына қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша стратегиялық даму мен халықаралық серіктестік бөліміне хабарласуға болады (127 кабинет).