03.11.2022 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша 1231 топ студенттеріне шылым шегуге, алкоголизмге, нашақорлыққа қарсы күреске, білім алушылар арасында СӨС насихаттауға арналған әңгіме өткізілді.
Әңгіме мақсаты: оқушылардың алкогольдің, темекі шегудің және нашақорлықтың адам денсаулығына зиянды әсері туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
- өзіңің денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- студенттердің санасында жаман әдеттердің адам денсаулығына зиянды әсері туралы бекіту;
- студенттерді таңдау әр адамға байланысты деп ойлауға шақыру.
Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Топ кураторы: «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі А. Т. Оспанова